Екібастұзда мас күйдегі ер адамдар дәрігерді есінен танғанша соққыға жықты

16.04.2026 09:06 Мөлдір Талғат
Екібастұзда мас күйдегі ер адамдар дәрігерді есінен танғанша соққыға жықты
169
Фото: © istockphoto.com

2026 жылғы 12 сәуірде Екібастұз қалалық ауруханасының қабылдау бөлімінде ауыр оқиға болды. Жақ сүйегі жарақаттанған ер адам екі танысымен бірге келген, олардың барлығы мас күйде болған, деп хабарлайды Politico.kz.

Тексеру барысында дәрігер-травматолог ер адамның достарынан кабинеттен шығуды сұраған. Алайда олардың бірі агрессивті мінез көрсетіп, балағат сөздер айтып, медицина қызметкерлерінің жұмысына кедергі келтірген. Қайта ескерту жасалғаннан кейін жанжал ушығып, ер адам есікті қатты итеріп, дәрігердің басынан ұрған.

Дәрігер тәртіп бұзушыларды сыртқа шығармақ болған кезде, олар оған шабуыл жасап, басы мен денесіне бірнеше рет соққы жасаған. Салдарынан дәрігер есінен танып қалған. Әріптесін қорғауға тырысқан медбике де соққыға жығылып, жарақат алған.

Павлодар облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері үш күдіктіні ұстаған: екеуі уақытша ұстау изоляторына қамалса, біреуі арнайы палатада күзетпен жатыр.

Бейнебақылау камераларына түсіп қалған кадрларда күдіктілердің бірі дәрігерді құлатып, соққы жасағаны көрінеді. Зардап шеккен медицина қызметкерлері ауруханаға жатқызылды.

Полиция медицина қызметкерлеріне қатысты зорлық-зомбылыққа мүлде төзбеушілік қағидаты сақталатынын мәлімдеді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий