"Неге бұлар бастарына орамал тақса, алжып кетеді": Жұрт Индира Расылханға шүйлікті

16.01.2026 09:17 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
0
80
Фото: ашық дереккөз

Танымал қазақстандық әнші Индира Расылхан соңғы кездері қатарынан екі бірдей сұхбат беріп, ел назарын өзіне аударды, деп хабарлайды Politico.kz.

Әншінің соңғы сұхбатында айтқан мәлімдемесі әлеуметтік желіде үлкен дау тудырды. Ол сұхбат барысында өзіне сиқыр жасалғанын, тіпті ішіне жын кіріп кеткендей күй кешкенін ашық айтты.

«Сиқыр деген нәрсе бар ғой, маған бір емес, екі рет жасалған. Екі санымды сабалап ұрғаным сонша, ертеңіне көгеріп қалғанын көрдім. Өзімді-өзім сабалап тастаған кездер болды. Ешкіммен сөйлескім келмеді, ешкімді көргім келмеді. Мұның соңы – өлуің керек деген ойға әкеледі. Тіпті бірде ваннада өзімді тұншықтырып көргенмін», – деді Индира Расылхан сұхбат барысында.

Алайда бұл сөздер көпшіліктің ашуын туғызып, желі қолданушылары пікірін жасырмай жазды.

«Мына қатын біреудің отбасын бұзғаны үшін өзін еш кінәлі сезінбейді. Ал өз отбасын үшін күрескен әйелді дуалады деп кінәлайды. Кім өз азаматын, бақытын оңай бергісі келеді? Мынаның сөзі де біртүрлі», «Ауырып, өлейін деп Түркияға емделуге барып, сосын не үшін барғанын ұмытып, не в тему саудамен айналысып кетіпті»,«Еш екінші байына да ие болмаған, бірақ оның біреуі бар ма деп ойлаймын деп қызғанып қояды», «Алжыпты бұл да. Неге бұлар бастарына орамал тақса, алжып кетеді?», «Мына жынды қатынның Жанар Байсемізбен сұхбатын көріп отырмын, сандалбай таза жынды қатын екен», «Психикалық ауытқуы бар сияқты, Алла сақтасын, кәдімгідей сандырақтап отыр», «Жанар ханым керемет журналистсіз, сұрақты батыл әрі әдемі қойып біле аласыз».

Индира Расылханның бұл сұхбаты әлеуметтік желіде әлі де қызу талқыланып жатыр. Оқырмандар пікірі толастар емес.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий