«Экрандағы мен – шынайы мен емес»: Дариға Бадықова күтпеген жаңалығымен бөлісті

26.07.2026 15:31 Қарақат АСЫЛОВА
«Экрандағы мен – шынайы мен емес»: Дариға Бадықова күтпеген жаңалығымен бөлісті
209

Қазақстандық актриса Дариға Бадықова көрерменге өзін жаңа қырынан танытатын деректі фильм әзірлеуді жоспарлап жүргенін айтты, деп хабарлайды Politico.kz.

Өнер иесінің сөзінше, көпшілік экраннан тек актерлік бейнесін көреді. Ал жаңа туындыда ол жеке өмірі, өмірлік құндылықтары мен ішкі толғаныстары туралы еш боямасыз әңгімелеуді көздеп отыр.

Актриса кейбір ұстанымдары қоғамның пікірімен әрдайым сәйкес келе бермейтінін жасырмады. Соған қарамастан, өмір бойы берік ұстанған қағидалары өзіне дұрыс жол көрсеткенін айтты.

Оның айтуынша, түсірілетін фильмнің мақсаты – өзіне оң имидж қалыптастыру немесе қандай да бір әрекетін түсіндіру емес. Керісінше, сахна сыртындағы шынайы Дариға Бадықованы көрсету.

«Бұл жобада образ жасамаймын. Өзімді мінсіз етіп көрсетуге немесе біреудің алдында ақталуға ниетім жоқ. Тек экран сыртындағы өмірімді, қандай адам екенімді және қандай ұстаныммен өмір сүретінімді көрерменге шынайы жеткізгім келеді», – деді актриса.

Дариға Бадықованың айтуынша, болашақ фильм оның өміріндегі маңызды кезеңдер мен жеке көзқарастарын қамтитын шынайы оқиғаға негізделген туынды болмақ.

Войдите, чтобы оставить комментарий