Елді дүрліктірген жолбарыс фотосының шындығы ашылды

05.08.2026 • 19:13 Қарақат АСЫЛОВА
Елді дүрліктірген жолбарыс фотосының шындығы ашылды
846
Ашық дереккөз

Әлеуметтік желілерде тараған елді мекеннің маңында жүрген жолбарыстың фотосы шындыққа сәйкес келмейді, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі мәлімдеді. Ведомствоның хабарлауынша, суретте «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватына жіберілген Үміт атты амур жолбарысы бейнеленген деген ақпарат расталмаған. Мамандар жарияланған фотода жасанды интеллект (AI) арқылы жасалған бейнеге тән белгілер бар екенін айтты.

Сондай-ақ министрлік жолбарыстың жағдайы тұрақты бақылауда екенін жеткізді. Оның мойнына GPS-қарғыбауы тағылған, соның көмегімен мамандар тәулік бойы жануардың орналасқан жері мен жағдайын қадағалап отыр.

Еске салайық, 3 тамыз күні Қазақстанда 70 жылдан астам уақыттан кейін алғаш рет Үміт есімді амур жолбарысы жабайы табиғатқа жіберілді. Ол «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватында жолбарыс популяциясын қалпына келтіру бағдарламасы аясында жерсіндірілді.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий