Елена Рыбакина Ұлттық құрама сапында ойнамайды

13.03.2026 15:10 Мөлдір Талғат
Елена Рыбакина Ұлттық құрама сапында ойнамайды
123
Фото: ©КТФ/Андрей Ударцев

Қазақстан теннис федерациясы Канадаға қарсы өтетін үй матчына қатысатын ұлттық құраманың тізімін жариялады, деп хабарлайды Politico.kz.

 Құрамға Анна Данилина, Юлия Путинцева (WTA рейтингінде 76-орын), Жібек Құламбаева, Аружан Сағындықова және Соня Жиенбаева енді.

Алайда бұл тізімде Қазақстанның бірінші ракеткасы, әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина жоқ. Федерация оның не себепті ойынға қатыспайтынын түсіндірді.

Федерацияның мәліметінше, Рыбакинаның бұл матчқа қатыспау туралы шешімі Қазақстан теннис федерациясы, спортшының өзі және оның жаттықтырушылар штабының келісімімен қабылданған.

«Ұлттық құраманың көшбасшысы және әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина алдағы кездесуге қатыспайды. Биылғы маусымдағы Еленаның басты мақсаты – әлемнің бірінші ракеткасы атағы үшін күрес. Федерация Рыбакинаның WTA рейтингінде көш бастауын Қазақстан үшін тарихи жетістік деп санайды. Сондықтан қазіргі уақытта барлық күш осы стратегиялық мақсатқа бағытталады», – деп мәлімдеді федерация.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий