Елімізде 16 жасқа толмағандарды әлеуметтік желіге тіркеуге тыйым салынуы мүмкін
908
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтайдың алғашқы сессиясында 16 жасқа толмаған балаларды әлеуметтік желіге тіркеуге тыйым салу мәселесін тағы да көтерді, деп хабарлайды Politico.kz.
Президент бұл туралы бұған дейін республикалық Тамыз конференциясында айтқан болатын.
Тоқаевтың айтуынша, өскелең ұрпақтың қолайлы, ең бастысы, қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек.
«Осы орайда Үкімет 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желіге тіркелуіне заң арқылы тыйым салуды ұсынып отыр.Бұл мәселеге таяуда өткен Тамыз конференциясында арнайы тоқталып өттім. Мұндай шара әлемнің көптеген елінде қабылданып жатыр. Мен мұны қолдаймын. Осы жұмысқа баса назар аудару қажет деп санаймын», - деді Тоқаев.
Президенттің сөзінше, тиісті заңды қабылдасақ, оны толығымен жүзеге асыру мәселесін ойлауымыз керек, себебі, қауқарсыз заң ешкімге қажет емес.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
14.10.2026
23:17
Алматыда оқушылар жаппай уланып қалды: Аурухана...
14.10.2026
22:30
Қарағандыда мас күйде жолаушы тасымалдаған авто...
14.10.2026
21:54
Досаевтың шаңырағында жаңа бизнес
14.10.2026
21:29
Дастан Сатпаевтың матчқа қатыспау себебі белгіл...
14.10.2026
20:08
Қазақстанда ресейлік әнші Navai есірткі контраб...
14.10.2026
19:17
«Льдинка» кафесіндегі төбелес: Алматыда танымал...