«Енді жеке көлігім бар»: Бағдат Мусин inDrive негізін қалаушыға ерекше сыйлық тарту етті

29.09.2026 • 09:55 Әсел МҰРАТ
«Енді жеке көлігім бар»: Бағдат Мусин inDrive негізін қалаушыға ерекше сыйлық тарту етті
270
Фото: ашық дереккөз

Халық Кеңесінің мүшесі, «Қазақтелеком» басшысы Бағдат Мусин халықаралық inDrive компаниясының негізін қалаушы Арсен Томскийдің үйлену тойына ерекше тарту жасады, деп хабарлайды Politico.kz. 

Ол кәсіпкерге ақшаның орнына Барбарис есімді жеті жастағы таза қанды жылқы сыйлаған. Томский жаңа «көлігімен» түскен суретін Threads желісінде жариялады.

«Әдетте үйлену тойына конверт береді. Ал Қазақстанда жылқы сыйлайды! Танысыңыздар – Барбарис, жеті жастағы таза қанды сәйгүлік. Бағдат Мусиннен келген той сыйлығы. Рақмет, Бағдат», – деп жазды кәсіпкер.

Томскийдің айтуынша, көп жылдан бері оның жеке көлігі жоқ. Ол әдетте inDrive қызметін немесе жалға алынған көліктерді пайдаланады.

«Енді жеке көлігім бар. Тарифі – сәбіз бен алма», – деп әзілдеді inDrive негізін қалаушы. 

Арсен Томский 15 тамызда қазақстандық Камила Лұқпановаға үйленді. Үйлену тойы Ыстамбұлда Босфор жағасында өткен.

Войдите, чтобы оставить комментарий