«Ене болу оңай емес екен»: Жазира Байырбекова тосын жазба жариялады
750
Танымал әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желідегі парақшасында ене атанудың жауапкершілігі жайлы ойын айтып, көпшіліктен кеңес сұрады, деп хабарлайды Politico.kz.
Әнші ене болу мен ана болудың айырмашылығына тоқталып, жас енелерге өз кеңесін ұсынды.
«Ене болу қалай екен?» деген сұраққа нақты жауап бере алмайтынын айтқан Жазира Байырбекова өзін ене рөлінен гөрі ана болуға жақынырақ сезінетінін жеткізді.
«Маған енеден гөрі ана болу оңайырақ әрі жеңіл сияқты. Жас енелерге айтарым: ене бола алмай, қалай ене болам деп жатсаңыздар, жай ғана “Мама” бола салыңыздар. Жеңіл болады», – деп жазды әнші.
Сондай-ақ Жазира Байырбекова ене атанған оқырмандарынан тәжірибесімен бөлісіп, кеңес беруді сұрады.
Оның жазбасының астында оқырмандар өз пікірлерін білдіріп, әншіге түрлі кеңестерін қалдырды.
Соңғы жаңалықтар
04.10.2026
16:32
«Өз көлігіне неге осылай жазбайды?»: Ыбықты Сай...
04.10.2026
15:32
«Эмоцияға беріліп кеттім»: Қордайда оқушысын ая...
04.10.2026
14:32
«Неге олай жаздыңыз?»: Танымал дизайнер Мақпал ...
04.10.2026
13:26
“Киевтен Мәскеуге жауап”: Зеленский Ресейдің мұ...
04.10.2026
12:28
Қазақстан Азия ойындарын 84 медальмен аяқтады
04.10.2026
11:25
Талдықорғанда әйелін жарақаттап, қарумен қорқыт...