Ер адам әйелін иен жерге апарып, ұрып-соғып, тірідей өртеп жіберген

15.12.2025 12:01 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
Ер адам әйелін иен жерге апарып, ұрып-соғып, тірідей өртеп жіберген
0
252
Фото: nova24.uz

Ферғана облысында 36 жастағы ер адам әйелін иен далаға алып барып, аяусыз соққыға жығып, тірідей өртеп жіберген. Сот айыпталушыны 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті, деп жазады POLITICO.KZ,

Бұл туралы RTV телеарнасы хабарлады.

Тергеу деректеріне сәйкес, ер адам ұзақ уақыт бойы әйеліне қызғаныш себепті жанжал шығарып жүрген. Қайғылы оқиға болған күні, шамамен сағат 12:00-де, ерлі-зайыптылар арасында тағы да жанжал туындаған.

Айыпталушы әйелін күштеп үйден шығарып, Matiz маркалы автокөлікке отырғызған. Кейін ол бір литр бензин сатып алып, көлікке салып қойған.

Ер адам әйелін елсіз жерге апарып, анасына арналған видео түсіріп, өз-өзіне қол жұмсауға ниетті екенін айтуды талап еткен. Әйелі бұл талаптан бас тартқан соң, айыпталушы оны қатыгездікпен соққыға жыққан. Төбелес кезінде ер адамның өзі де өткір заттан жарақат алғаны анықталған.

Осыдан кейін ол әйелдің үстіне бензин құйып, өрт қойған. Зардап шеккен әйел аман қалу үшін жанындағы өзенге секірген. Сол маңда жұмыс істеп жүрген диқандар оны байқап қалып, судан шығарып алып, жедел жәрдем шақырған.

Әйел ауыр халде ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, бірнеше күннен кейін алған жарақаттарынан көз жұмды.

Сот ер адамды Өзбекстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 97-бабы 2-бөлігінің «ж» тармағы (аса қатыгездікпен жасалған қасақана адам өлтіру) бойынша кінәлі деп танып, 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий