Ерболат Бекшенов ҰҚК тергеуіне ілікті
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Солтүстік Қазақстан облысы табиғи ресурстар басқармасының бұрынғы басшысы Ерболат Бекшеновке қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Politico.kz порталы Qazinform-ға сілтеме жасап.
Бұл ақпаратты ведомство ресми түрде растады.
«Қылмыстық процестік кодекстің 201-ші бабының 1-ші тармағына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – делінген Ұлттық қауіпсіздік комитетінің берген жауабында.
52 жастағы Ерболат Бекшенов табиғи ресурстар басқармасының басшысы қызметіне 2025 жылдың шілде айында тағайындалған, ал оған дейін облыстық ауыл шаруашылығы басқармасын басқарып Мамлют және Айыртау аудандарының әкімі болған.
Бейресми дереккөздің мәліметінше, алдын ала болжам бойынша бұл тексеріс экс-басшының өз қарамағындағы қызметкерлерден заңсыз ақша жинауына тікелей қатысты болуы мүмкін.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
09.11.2026
20:13
Петропавл полициясы асқабақ ұрлағандарды іздест...
09.11.2026
18:55
«Тірі қалғандарың өкінішті»: Ашаршылықты келеме...
09.11.2026
18:44
Қазақстандағы ең жүктемесі көп 10 ақылы автожол...
09.11.2026
17:23
Қазақстандағы оқиға әлемдегі ең бай адамның наз...
09.11.2026
17:07
ҚазҰУ жатақханасындағы студент өлімі: оқиға тур...
09.11.2026
16:34
Жамбылда есірткімен ұсталған ресейлік рэпер Nav...