"Ересек адам ретінде шешім қабылдадым": Абай Бегейдің тағы бір қызы хиджабын шешті

30.04.2026 17:09 Мөлдір Қайнар
71
Фото: instagram.com/symbatabaikyzy/

Қазақстандық танымал әнші Абай Бегейдің тұңғышы, блогер Ерке Ниязқұлова хиджабын шешкені әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Politico.kz.

Өнерлі отбасы қыздарымен бірге орындаған «Айналайын» әніне бейнебаян түсіріп, оны желіде бөлісті. Жарияланған фото және видео материалдардан Ерке Ниязқұлованың хиджабсыз жүргенін байқауға болады.

Блогер бұл шешіміне қатысты Instagram stories арқылы пікір білдіріп, көпшіліктен түсіністік пен құрмет сұрады. Оның айтуынша, бұл — жеке таңдауы және ешқандай жағдайға немесе адамдарға байланысты емес.

«Сіздерге үлкен өтінішім бар. Орамалды ешқандай жағдайға, бейнебаянға, адамға байланыстырып өз ойларыңызбен түрлі ақпарат құрастырмаңыздаршы! Мен ересек адам ретінде өзіме ғана байланысты нәрсеге шешім қабылдадым. Біреу киді, біреу шешім, ол адамдарда менің шаруам жоқ, болмаған да. Әркім өзі басына ғана жауап береді. Менің қазіргі күйімді қабылдап, құрметтеп, түсіністік танытуларыңызды ғана сұраймын», – деп жазды Ерке Ниязқұлова.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий