"Еріңе сенбе, екі босағаңа сен": Жанель Мақажан балаларымен бөлек көшіп кеткенін айтты
Танымал актриса Жанель Мақажан әлеуметтік желідегі жазбасымен көпшілікті ойландырып, балаларымен бірге басқа жаққа көшкенін мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.
Өнер иесі өмірінде қиын кезеңді бастан өткеріп жатқанын жеткізіп, өзіне жаңа мақсаттар қойғанын ашық жазды.
«Еріңе сенбе, екі босағаңа сен» деген қазақтың нақыл сөзін енді толық түсінгендеймін. 1 айдай болды, 4 балам жанымда. Оған дейін екі кішкентай 1 ай әкесінде болған. Өмірде неше түрлі жағдай болады екен. Қазір мен балаларыммен басқа жаққа көштім. Қиындықтар бітіп келеді. Алдағы уақытта бөлісемін. Кішкентайлармен көшуден шаршадым. Өзіме нақты мақсаттар қойдым. Өзгеге емес, Аллаға, өзіңе сеніп өмір сүр! «Үй ал, дамы, бала-шағамен жағдай жаса» дедім өзіме", – деп жазды актриса.
Сонымен қатар өнер иесі соңғы кездері қоғамды дүр сілкіндірген оқиғаларға тоқталып, қыз баласының қоғамдағы орны туралы пікір білдірді.
"Қыздар, кешегі 19 жастағы қаршадай қыздың тағдыры да бәрімізге ауыр тиді. Қыздың өмірлік мәні тұрмыс құру емес, өмір сүру. Бақытты өмір сүру", – деді өнер иесі.
Желі қолданушылары актрисаның жазбасынан кейін оны күйеуі, актер Абай Асылханмен ажырасып кетті деп болжауда.
Соңғы жаңалықтар