Ерке Есмахан үлкен сахнаға неге шыға алмай қалғанын айтты

Ерке Есмахан үлкен сахнаға неге шыға алмай қалғанын айтты
23.10.2025 16:07
0
853
Ашық дереккөз

Әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасында өз жағдайымен бөлісіп, соңғы уақытта не себепті көпшілік алдына шықпай жүргенін түсіндірді.

Өнер иесі уәде етілген жеке концертіне қатыса алмай, қатты қынжылғанын жасырмады.

«Мен сіздерді қатты сағындым. Бір апта бойы жанұямызбен кезектесіп ауырып шықтық. Ауырған соң біраз жоспарлар ауысып, көңіл түскен сәттер де болды. Қалай болғанда да бәрі хайырымен. Ауырмай, аман жүріңіздер. Ең көңілім түскен кез – жеке концертке бара алмай қалдым. Үлкен сахнада ән салуым керек еді. Өзім болмасам да әнімді қосыпты, көзіме жас келді», — деп жазды Ерке.

Әншінің жазбасы оқырмандардың жүрегіне жетіп, көпшілік оған жылы лебіздерін арнап, тез сауығып, сахнаға қайта оралуына тілек білдірді. Көптеген жанкүйерлер Еркенің денсаулығын бірінші орынға қойғанына түсіністікпен қарап, оның өнерін сағынғандарын жазды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий