Еркебұлан Тоқтар UFC-ге ауысуы мүмкін
Қазақстандық ММА файтері Еркебұлан Тоқтар әлемдегі ең беделді промоушендердің бірі саналатын UFC өкілдерімен келіссөз жүргізуге ниетті, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұл туралы спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді. Еркебұлан Тоқтар Париж әуежайында өзінің менеджері әрі OCTAGON лигасының басшысы Нұраддин Садықовты қарсы алған сәттен видео жариялаған. Спортшының айтуынша, олар UFC өкілдерімен кездесіп, келіссөз жүргізуді жоспарлап отыр.
«Нұреке Парижге келді. Бұйырса, ертең UFC-пен келіссөз жүргіземіз. Бізге сәттілік тілеңіздер», – деді файтер.
Ал Нұраддин Садықов келіссөздерден кейін жақсы жаңалық болуы мүмкін екенін айтып, жанкүйерлерді күтуге шақырды.
UFC өкілдерімен өтетін келіссөздің нақты нәтижесі кездесу аяқталғаннан кейін белгілі болады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
23:19
Испаниядағы ірі апаттан кейін Қазақстан СІМ мәл...
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...