Ерлі-зайыпты несиесін жабу үшін туған сәбиін сатпақ болған
Өзбекстанның Ферғана қалалық қылмыстық істер жөніндегі соты өз сәбиін сатпақ болған ерлі-зайыптыға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Politico.kz.
Тергеу мәліметінше, жас жұбайлар 2024 жылғы қазанда туыстарына айтпай некеге тұрған. Келесі жылдың қазанында ұлды болған отбасы Ферғана қаласына көшіп барғанымен, көп ұзамай қаржылық қиындықтарға тап болған. Осыдан соң олар жиналған несиелерін өтеу үшін өз балаларын сатуға шешім қабылдаған.
"Сотта әйел бұл қаражатты отбасылық қарыздарды қайтаруға және Түркияға барып жұмыс істеуге жұмсауды жоспарлағанын айтты. Оның сөзінше, күйеуі бастапқыда бұл ұсынысқа қарсылық білдіргенімен, кейін келісімін берген", – делінген хабарламада.
Сот ерлі-зайыптыны "Адам саудасы" бабы бойынша кінәлі деп танып, әрқайсысын 5 жылға бас бостандығынан айырды. Ал бүлдіршіннің алдағы тағдырын шешу Қоқан қаласындағы "Инсон" әлеуметтік қорғау агенттігіне тапсырылды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
14:19
TikTok-та «өнер» көрсеткен екінші адам да жазас...
29.10.2026
14:15
«Екі жарты бір бүтін»: Меруерт Түсіпбаева таным...
29.10.2026
14:01
Бектенов Мақсұтовтың неге кеткенін түсіндірді
29.10.2026
13:30
Атырауда қазандықта жарылыс болды (ВИДЕО)
29.10.2026
13:08
«Қолын қайырып алып кетті»: Павлодарда қайта са...
29.10.2026
13:03
«9 жыл бұрын екі жаққа кеткенбіз»: Олжас Абай б...