«Ерте бастап, кеш танылдым»: Роза Әлқожа өнер жолындағы қиындықтарын айтты

10.06.2026 17:06 Мөлдір ҚАЙНАР
«Ерте бастап, кеш танылдым»: Роза Әлқожа өнер жолындағы қиындықтарын айтты
184
Фото: әлеуметтік желі

Танымал әнші Роза Әлқожа өнердегі жолы оңай болмағанын айтып, оқырмандарына жүрекжарды жазба арнады, деп хабарлайды Politico.kz.

Өнер иесінің айтуынша, сахнаға ерте қадам басқанымен, халыққа кеңінен танылуы уақыт алған. Соған қарамастан, әннен ешқашан бас тартпағанын жеткізді.

«Әнші болу, танылу оңай келген жоқ. Ерте бастап, кеш танылған жанмын. Бірақ ән – менің өмірімнің мәні. Әнсіз өмірімді елестете алмаймын. Нағыз өнер бар жерде сыртқы сән-салтанат емес, жүректен шыққан ән ғана маңызды», – деп жазды әнші.

Роза Әлқожа кейде өз құнын бағаламай, өзгенің жетегінде кеткен сәттері болғанын да жасырмады. Дегенмен өмір жолында жолыққан қиындықтардың бәрін үлкен сабақ ретінде қабылдайтынын айтты.

Сондай-ақ ол журналистикаға да, ақындыққа да қабілеті жететінін, алайда жүрегі әрдайым ән өнерін таңдағанын атап өтті.

Желі қолданушылары әншінің жазбасына қолдау білдіріп, оның еңбегі мен өнеріне жоғары баға беретіндерін жазды.

Войдите, чтобы оставить комментарий