"Ешкімге ренжімейсің...": Сәбит Әбдіхалықов жүрекжарды жазба жариялады
Қазақстандық танымал актер Сәбит Әбдіхалықов 53 жасқа толуына орай әлеуметтік желідегі парақшасында жүрекжарды жазба бөлісіп, өмірден түйген ойларын жеткізді, деп хабарлайды Politico.kz.
Өнер иесі жас ұлғайған сайын уақыттың қалай өткені емес, өмірдің не үйреткені маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл жастағы ең үлкен байлық – жиған дүние мен алған атақ емес, денсаулық, отбасы амандығы мен елдің ықыласы.
"Алланың қалауымен бүгін елу үш жасқа толдым. Кеше ғана армандап жүрген күндер бүгінде естелікке айналыпты. Қуаныш та көрдік, қиындық та көрдік. Сенім артқан адамдар да болды, сенімді ақтамағандар да кездесті. Бірақ уақыт өте келе бәріне ренжімейсің, бәріне ризашылықпен қарай бастайды екенсің", — деп жазды ол.
Актер өткен өміріне өкінішпен емес, шүкіршілікпен қарайтынын жеткізді. Ол өзіне қолдау білдірген отбасына, туыстары мен жақындарына, өнердегі әріптестеріне ризашылығын білдірді.
"Елу үш – өмірдің тоқырауы емес, кемелдікке бастар белесі. Әлі де үйренеріміз көп, атқарарымыз көп, айтар сөзіміз де аз емес. Шүкір!", — деді Сәбит Әбдіхалықов.
Соңғы жаңалықтар