«Ешкімге ұнауға міндетті емеспін»: Кәмшат Жолдыбаева әріптесінің сынына жауап берді

27.04.2026 11:32 Мөлдір Қайнар
«Ешкімге ұнауға міндетті емеспін»: Кәмшат Жолдыбаева әріптесінің сынына жауап берді
194
Фото: Stan.kz

Танымал әнші Кәмшат Жолдыбаева әріптесі Әнел Әрінованың өзіне қатысты айтқан пікіріне жауап берді, деп хабарлайды Politico.kz.

Өнер иесі бұл туралы “Жарқыраған жұлдыз” телебағдарламасына берген сұхбатында айтты.

Бұған дейін KeshYou тобының бұрынғы мүшесі Әнел Әрінова Кәмшатпен алғаш танысқан сәтін еске алып, оның бейнесі өзіне ерекше әсер қалдырмағанын жеткізген.

“Кәмшат маған ауылдағы мұғалім әйел сияқты көрінді. Тіпті Моляның өзі одан заманауи көрінетін”, – деген еді ол.

Бұл пікірге Кәмшат Жолдыбаева сабырлы жауап беріп, ешқандай реніш білдірмейтінін айтты.

“Әркімнің өз пікірі бар. Ешкім ешкімге ұнауға міндетті емес. Мен бәрін жақсы қабылдадым. Әнелді бұрын қалай құрметтесем, қазір де солай құрметтеймін. Оның айтқандары шынайы болды деп ойлаймын”, – деді әнші.

Сонымен қатар Кәмшат Жолдыбаева Әнел Әрінованың сұхбаттағы рөлі ерекше болғанын атап өтті.

“Әнел сұхбаттың гүлі болды. Оның қатысуымен шығарылым қызықты өтті”, – деп түйіндеді ол.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий