"Ешкімнің алдында ақталуға міндетті емеспін": Еркеш Хасен мәлімдеме жасады
Танымал әнші Еркеш Хасен әлеуметтік желіде өзіне қатысты тараған түрлі әңгімелерге байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды politico.kz.
Өнер иесі көптен бері ел арасындағы негізсіз сөздерді елемей келгенін, алайда бұл жолы мәселе баласына қатысты болғандықтан үнсіз қалмағанын айтты.
«Көптен бері ел аузындағы негізсіз сөздерді жұтып келдім. Бірақ бұл жолы кінәсіз баламды араластырғандарыңыз үшін жазып отырмын. Бір білетіндеріңіз – мен қызымды ешқашан тастаған емеспін, тастамаймын да. Соңғы демім қалғанша қамқор боламын. Камера алдында, отбасым жайлы бөтен адамдарға есеп беріп отыруға міндетті емеспін. Менің қызымды да, оған деген махаббаттан туған әнімді де ешкім тартып ала алмайды», – деп жазды ол.
Әнші жеке өмірін көпшілік талқысына салуды құп көрмейтінін жеткізді.
«Ешкім ажырасу үшін үйленбейді. Ел үйренген сценарий бойынша бір журналистпен отырып, барлығын ақтаруым керек шығар. Бірақ мен бір кездері бірге бақытты күндер өткізген адамды көпшілікке әңгіме етпеймін. Арамызда болған жайтты Алла мен екеуміз ғана білеміз. Осы жерден нүкте қояйық», – деді Еркеш Хасен.
Соңғы жаңалықтар