Фариза Оңғарсынованың ұстазы дүниеден өтті
94 жасқа қараған шағында белгілі педагог, Қазақстанның білім саласына еңбек сіңірген қайраткері Клара Зорина өмірден озды, деп хабарлайды Politico.kz.
Ақтау қалалық мәслихаты мен қала әкімдігі Клара Зоринаның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
Клара Зорина 1933 жылы дүниеге келген. Кәріс ұлтының өкілі болған қадірлі ұстаз ұзақ жылдар бойы орыс тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беріп, саналы ғұмырын жас ұрпаққа сапалы білім мен тағылымды тәрбие беруге арнады.
Ұстаздық жолындағы қажырлы еңбегі, мейірімі мен шәкірттеріне деген жанашырлығы арқылы талай жастың жүрегінен орын ала білді. Сол аяулы шәкірттерінің бірі – қазақтың көрнекті ақыны Фариза Оңғарсынова. Ақын өмірінің соңына дейін өзінің алғашқы ұстаздарының бірі болған Клара Дмитриевнамен байланысын үзбей, ұстазына деген құрметін әрдайым жоғары бағалаған.
Атырау өңірінен Ақтауға қоныс аударып, Маңғыстау өлкесінің білім саласының қалыптасуы мен дамуына өз үлесін қосқан Клара Дмитриевна – саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған ардақты ұстаздардың бірі.
Соңғы жаңалықтар