«Фонограмма аман болсын»: Тұрсынбек Қабатовтың қызы Айым желіде қызу талқыға түсті

06.01.2026 15:25 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
«Фонограмма аман болсын»: Тұрсынбек Қабатовтың қызы Айым желіде қызу талқыға түсті
0
652
Коллаж: Politico.kz

Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың қызы Айым жуырда өткен іс-шаралардың бірінде өнер көрсетіп, әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Politico.kz

Іс-шара барысында Айымның би билеп, әндетіп тұрған видеосы интернетте кеңінен тарады. Жас өнерпаздың сахнадағы еркін қимылы мен батыл қадамы көпшіліктің назарын аударғанымен, пікірлер біркелкі болмады.

Кейбір желі қолданушылары оның өнеріне күмәнмен қарап, сын айтуды жөн көрді.

«Ауызын ашқанның бәрі әнші болып кетті», «Фонограммасыз айта ала ма екен?», «Осындай әншілерден құдай сақтасын», «Шоу-бизнеске әкесінің атымен келіп жатыр», «Басқа мамандықтар аз ба?» деген пікірлер жазылды.

Сондай-ақ сырт келбетіне қатысты орынсыз салыстырулар да кездескен. Алайда жас қызды қолдап, жігер беріп жатқан жандар да аз емес. Көпшілік оның талпынысын құптап, бастамасына сәттілік тіледі.

«Қолдарыңнан келсе, өздерің де еңбек етіп көріңдер», «Жарайсың, анасының алтын қызы», «Бастамасы құтты болсын», «Боламын деген баланың бетін қақпау керек», «Талантты, тамаша қыз» деп жазды қолдаушылар.

Желі қолданушыларының бір тобы Айымның бұл қадамын шығармашылық жолдың алғашқы баспалдағы ретінде бағалап, жас өнерпазға мүмкіндік беру керектігін атап өтті. Ал кейбіреулер үшін бұл отбасылық танымалдықтың әсерімен келген қадам ретінде көрініп отыр.

Қалай болғанда да, Тұрсынбек Қабатовтың қызы Айымның өнері қоғамда бейжай қалмай, көпшіліктің назарын аударғаны анық.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий