"Ғашығымсың!": Дариға Бадықова мәлімдеме жасады
Танымал актриса әрі продюсер Дариға Бадықова жаңа фильм түсіруге дайындалып жатқанын айтты, деп хабарлайды Politico.kz.
Өнер иесінің сөзінше, алдағы картина Өскемен қаласында түсіріліп, құтқарушылардың қызметіне арналмақ.
«Өскеменде құтқарушылар жайлы жаңа фильм түсіріледі бұйырса», – деп жазды актриса Instagram парақшасында.
Сонымен қатар Дариға Бадықова кино саласына қалай келгенін еске алып, бұл өнерге деген бала күнгі арманы болғанын айтты. Оның сөзінше, тойда ән айтып жүрген кездің өзінде өзін кино әлемінде елестеткен.
«Кино ғашығымсың! Кино шабытымсың! Кино абыройымсың! Кино дамытушымсың! Кезінде тойда ән айтып жүргенде қиялдап елестететінмін, кино әлемінде жүрсем, жақсы кинолар түсірсем деп армандайтынмын. Тек тойдан аса алмай қалмасам екен деп қорқатынмын», – деді Дариға Бадықова.
Продюсер бүгінде кино саласында өз орнын тапқанына шүкіршілік айтып, шығармашылық жолында қолдау көрсеткен жандарға алғысын білдірді.
Соңғы жаңалықтар