Геннадий Головкин Хабиб Нурмагомедовпен кездесті

17.10.2025 • 15:50 Нақыпбек Фатима
Геннадий Головкин Хабиб Нурмагомедовпен кездесті
1124
Фото: instagram.com/gmg_max

Қазақстандық кәсіпқой бокстың бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында жеңіл салмақтағы UFC-дің бұрынғы чемпионы, ресейлік Хабиб Нурмагомедовпен кездесті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Кездесуде түсірілген суретті Геннадийдің ағасы Максим Головкин Instagram парақшасында жариялады. 
Жарияланған сурет бірнеше сағат ішінде үш мыңға жуық лайк пен ондаған жылы пікір жинады.
Айта кетейік, қазіргі уақытта Геннадий Головкин Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті қызметін атқарады, сондай-ақ әлемдік әуесқой боксты қадағалайтын халықаралық ұйым World Boxing-тің Олимпиадалық комиссиясын басқарады.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий