Геннадий Головкин XXI ғасырдың ең үздік 25 боксшысы қатарына кірді

06.03.2026 22:13 Қарақат АСЫЛОВА
Геннадий Головкин XXI ғасырдың ең үздік 25 боксшысы қатарына кірді
500
Фото: Olympic.kz
GGG әлемдік рейтингте 11-орыннан көрінді

XXI ғасырдың ең үздік боксшыларының жаңа рейтингі жарияланды, деп хабарлайды Politico.kz сайты Sn.kz сілтеме жасап.

Бұл тізімге әлемдік бокстың 25 әйгілі шебері енген, деп хабарлайды Boxing.media дерегіне сілтеме жасаған ақпарат көздері.Рейтингтің алғашқы үштігін аңызға айналған спортшылар бастап тұр. Бірінші орынды америкалық боксшы Флойд Мейвезер иеленсе, екінші орынға филиппиндік чемпион Мэнни Пакьяо жайғасты. Ал үздік үштікті тағы бір америкалық бокс аңызы Бернард Хопкинс түйіндеді.

Бұл рейтингте қазақстандық әйгілі боксшы Геннадий Головкин де бар. Ол XXI ғасырдың ең мықты былғары қолғап шеберлері арасында 11-орыннан көрінді.

Айта кетейік, Геннадий Головкин соңғы рет 2022 жылдың қыркүйегінде шаршы алаңға шыққан. Сол кезде ол Сауль «Канело» Альвареспен өткен үшінші жекпе-жекте жеңіліс тапқан болатын.2024 жылдың ақпан айында Головкин Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің президенті қызметіне ресми түрде кірісті. Сонымен қатар ол жаңадан құрылған World Boxing ұйымының президенті болып тағайындалған.

Кәсіпқой мансабында GGG 45 жекпе-жек өткізіп, 42 рет жеңіске жеткен. Оның 37-сі нокаутпен аяқталған. Сондай-ақ екі рет жеңіліп, бір кездесу тең нәтижемен аяқталған. Головкин орта салмақта WBC, WBA, IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы атанған.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий