“Грантқа кепілдік береміз”: Қазақстандық талапкерлерге маңызды ескерту жасалды
Ұлттық тестілеу орталығы мәлімдеме жасады
Қазақстандық талапкерлерге ҰБТ алдында алаяқтардан сақ болу ескертілді, деп хабарлайды Politico.kz.
Әлеуметтік желілерде қайтадан “ҰБТ жауаптары”, “тестілеуде көмек”, тіпті “грантқа кепілдік” ұсынатын күмәнді парақшалар көбейген.
Ұлттық тестілеу орталығы мұндай хабарландырулардың барлығы жалған екенін мәлімдеді. Орталықтың түсіндіруінше, әрбір талапкер үшін тесттің жеке нұсқасы жасалады. Сондықтан дұрыс жауаптардың алдын ала таралуы мүмкін емес.
Мамандар мектеп бітірушілер мен ата-аналарды күмәнді Telegram-арналар мен делдалдарға сенбеуге шақырды. Сондай-ақ ҰБТ-ға тек адал дайындық арқылы қатысу қажет екенін ескертті.
Айта кетейік, жыл сайын тестілеу маусымы жақындағанда интернетте жалған “жауап сатушылар” көбейіп, талапкерлерді алдап кететін жағдайлар жиілейді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
23:19
Испаниядағы ірі апаттан кейін Қазақстан СІМ мәл...
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...