Эбола вирусы өршіп жатыр: 65 адам қаза тапты
Конго Демократиялық Республикасының шалғайдағы Итури провинциясында Эбола вирусының жаңа өршуі тіркеліп, қазіргі дерек бойынша 65 адам көз жұмған, деп хабарлайды Politico.kz.
Сонымен қатар, 246 адамнан ауру жұқтырды деген күдік бар, деп хабарлайды Associated Press. Мамандардың айтуынша, Эбола – өте қауіпті әрі тез жұғатын вирус. Ол негізінен адамның биологиялық сұйықтықтары арқылы таралады. Ауру сирек кездескенімен, ағзаға ауыр әсер етіп, көп жағдайда өлімге әкеледі.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) өткен жылы Конгода Эболаны емдеуге арналған дәрі-дәрмек қоры мен Ervebo вакцинасының шамамен 2000 дозасы бар екенін мәлімдеген. Алайда бұл вакцина тек Ebola Zaire штамына қарсы тиімді екені белгілі.
Ал Африка CDC ұйымы қазіргі өршудің нақты қай штамға тиесілі екенін анықтау үшін зерттеу жүргізіп жатыр. Нәтижелері алдағы 24 сағат ішінде жариялануы мүмкін.
Айта кетейік, бұған дейін халықаралық БАҚ-та Атлантикадағы круиздік лайнерде хантавирус тарағаны туралы да хабарланған еді. Аргентинадан Кабо-Вердеге бағыт алған MV Hondius кемесінде инфекция өршіп, үш жолаушының қайтыс болғаны тіркелді.
Соңғы жаңалықтар