"Гүл бергендермен ғана суретке түсті": Роза Әлқожадан көңілі қалған көрермен ренішін жеткізді
1561
Белгілі әнші Роза Әлқожаның Шымкентте өткен концертіне барған көрермендердің бірі шарадан көңілі қалғанын жеткізді, деп хабарлайды POLITICO.KZ kznews.kz сайтына сілтеме жасап.
Көрерменнің айтуынша, әнші тек гүл алып келгендермен ғана суретке түскен.
"Шымкенттегі концерт ұнамады. Роза ханым гүл сыйлағандармен ғана суретке түсіп, оларды сипаттап жатты. Сонымен қатар, кішкентай қыздардың аузына түкірді", – деп пікірін білдірді ол.
Бұл оқиға әлеуметтік желіде қызу талқыланып, қолданушылар түрлі пікір жазуда.
Бірі: "Тым менмен", "Ауызға түкіру дұрыс емес, инфекция жұқтыруы мүмкін", "Концерт бір сағатқа кешігіп басталды, небәрі үш ән айтты" десе, енді бірі: "Халық та кінәлі шығар", "Маған ұнайтын әнші, даусы керемет" деп оң бағасын берген.
Соңғы жаңалықтар
15.06.2026
10:48
Коттеджі мен көлігі бар зейнеткер екі баласы ба...
15.06.2026
10:25
АҚШ-та 24 жастағы қазақстандық жоғалып кетті
15.06.2026
09:35
Жетісу облысында жанжал кезінде әйел күйеуін өл...
15.06.2026
08:43
АҚШ пен Иран келісімге келді
14.06.2026
18:09
Нұрай Серікбай ісі бойынша тергеу аяқталды
14.06.2026
15:49
Қытайда қайыршы роботтар пайда болды