Ғұсман Қырғызбаевқа жерлестері тағы бір автокөлікті тарту етті
799
Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаевқа жерлестері автокөлік пен ат мінгізді.
Түркістан облысы дзюдо федерациясының мәліметінше, Темірлан ауданының тұрғындары Ғұсман Қырғызбаевты салтанатты түрде қарсы алған. Жерлестері дзюдошыға автокөлік сыйласа, Түркістан облысы дзюдо федерациясының президенті Хамиддин Жарқынбеков федерация және өз атынан ат мінгізген.
Еске сала кетсек, Ғұсман Қырғызбаев Париж Олимпиадасында дзюдодан 66 келі салмақ дәрежесінде бақ сынап, қола жүлде жеңіп алған еді. Ол үшінші орынға таласта сербиялық дзюдошы Страхинья Бунчичтен «вазари» ұпайымен басым түсті.
Қырғызбаев елге оралған соң оған әуежайда Қазақстан дзюдо федерациясы атынан Toyota Land Cruiser 250 автокөлігі сыйға тартылды. Сондай-ақ кәсіпкер Кеңес Рақышев дзюдошыға KIA EV 6 автокөлігін мінгізді. Ал Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев 1 бөлмелі пәтер, Hyundai Tucson темір тұлпарын және 4 млн теңгенің сертификатын табыстады.
Бұдан бөлек, спортшыға Түркістан облысы Диxанкөл ауылының тұрғындары сәйгүлік мінгізген болатын.
Фото: Sputnik/Ертай Сарбасов
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
13.10.2026
20:10
Олжас Бектенов әкімдерге өңірлердің кірісін арт...
13.10.2026
19:23
Мемлекет басшысы мен Бельгия Королі мен Патшайы...
13.10.2026
18:59
Семейде 20 жастағы қызды өлтірген жігітке 14 жы...
13.10.2026
18:43
Amanat партиясы мәслихат сайлауына қатысудан ба...
13.10.2026
18:29
Елде баға мен халықтың табысы қалай өзгерді?
13.10.2026
18:13
Мәслихат сайлауы қалай өтеді: маңызды күндер бе...