“Хатшысын алдына алып отырған”: Шенеунік онлайн-жиналыстан соң камерасын өшірмей масқара болды

“Хатшысын алдына алып отырған”: Шенеунік онлайн-жиналыстан соң камерасын өшірмей масқара болды
28.07.2025 11:20
0
299
Фото: Видеодан кадр

Өзбекстанда шенеуніктің әрекеті әшкере болды. Ол онлайн-жиналыс кезінде хатшысын алдын алып отырған, деп хабарлайды POLITICO.KZ  Kaktus.media-ға сілтеме жасап. 

Өзбекстанда самарқандық шенеунік онлайн-жиналыс кезінде хатшысын алдына алып отырған видеосы желіде тарап кетті. АН Podrobno.uz жазуынша, ол камерасын өшіруге ұмытып кеткен болуы мүмкін және сол сәт ортақ эфирге түсіп қалған. Алдын ала дерек бойынша, ер адам Самарқандтағы аудандық жұмыспен қамту бөлімінің басшысы.

Өзбекстан жұмыспен қамту және кедейлікті азайту министрлігі аталған жайтқа пікір білдіріп, суреттегі қызметкерлермен еңбек шарты бұзылғанын хабарлады. Ведомство қызмет тәртібін бұзу және әдеп нормаларын сақтамау мүлдем құпталмайтынын және мұндай жайттар жазасыз қалмайтынын ескертті. Бұл жайт көрші елді резонанс тудырып, кеңіненталқыланыып жатыр.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий