"Химиотерапиядан бас тарттым": Мұрат Бисембин ауыр дерті туралы алғаш рет сұқбат берді
Отандық танымал актер Мұрат Бисембин қатерлі ісікке шалдыққанын хабарлаған соң, алғаш рет сұқбат берді. Өнер иесі бүгінде ауыр дертпен қалай күресіп жатқанын айтып, қазіргі жағдайын бөлісті.
Мұрат Бисембин белгілі тележүргізуші Динара Сәтжанға ақтарыла сұқбат беріп, ауыр дерті туралы сыр шертті. Өнер иесі қатерлі ісікке шалдыққанын бастапқыда неге жасырғанын түсіндірді.
"Ұйқы безінің қатерлі ісігі деген диагноз қойылды. Екінші кезеңінде жүрмін. Төрт рет химиотерапия алдым. Негізі сегізін алуым керек еді. Бірақ мен бас тарттым. Химиотерапия алып көрген адамдар жақсы біледі. Өте қиын ем түрі. Қатты әлсіреп қалдым. Қазір емдеудің басқа түрін таңдадым. Ол халық емі емес, медициналық емдеудің бір түрі. Ешкім менің өміріме кепіл болмайды. Германия мен Оңтүстік Корея дәрігерлері де емдеуге қарсы емес, бірақ кепілдік бермей отыр. Мен оған көңіл-күйімді түсіріп жүрген жоқпын. Қазір тек позитив ойлағым келеді.
Ауыр дертке шалдыққанымды әріптесім Саят халыққа жариялады. Оған дейін мен рұқсат етпей жүрген едім. Сосын Жан Байжанбаевпен хабарластық. Ол да маған жария етуді ұсынды. Дегенмен біз актерлар миллиондап ақша таппаймыз ғой. Бұны анам білгенін қаламадым. Ол кісі сырқатым туралы білмейтін еді. Жанға тек өз ортасындағы достарына айтуға рұқсат еттім. Достары жақсы көмектесті. Ақан Сатаев пен Саятпен кездескенде мені ақыры көндірді. Саят "Өзің жариялағың келмесе онда өзім жасаймын" деді. Анам бүгінде менің айығуымды тілеп, өзін тастап жіберген жоқ. Отбасым, жақындарымның барлығы қолдау көрсетіп жатыр. Желіде де көптеген адам маған жылы сөздерін айтып, қолдау беруде", - деді актер.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
23.10.2026
18:09
“Түнде кездесуге шақырды”: Атыраудағы НИШ мұғал...
23.10.2026
17:50
Болат Назарбаевтың суреті бар қымбат сағат OLX-...
23.10.2026
17:11
"Өлді" деп жылама, "өлем-ау" деп жыла": Сәкен М...
23.10.2026
17:05
Петропавлда жігіт сүймек болған қыз көліктен се...
23.10.2026
16:35
40 жылдан кейінгі өкініш: Айгүл Иманбаева жүрег...
23.10.2026
16:06
Әшімбаев Тоқаев реформаларын кітапқа түсірді