Петропавлда жігіт сүймек болған қыз көліктен секіріп кеткен

Петропавлда жігіт сүймек болған қыз көліктен секіріп кеткен
Фото: Politico.kz/Абзал Бахытжанов

Петропавлда 22 жастағы қыз жүріп бара жатқан көліктен секіріп, басқа көліктің астына түсті. Оқиға 18 қазан кешке қала шетінде болған, деп хабарлайды Politico.kz.

HALYQSTAN арнасының мәліметінше, бірнеше күн бойы әлеуметтік желіде қызды ұрып-соғып, көліктен жолға лақтырып жібергені туралы ақпарат тарады. Алайда полиция тексеріс барысында бұл мәліметті растамады.

Полицияның анықтауынша, қыз Семейден танысына қонаққа келген. Екеуі қаланы көлікпен аралап жүргенде рөлдегі жігіт оны сүймек болған. Қыз оны итеріп жіберген. Айтуынша, алдыңғы тістері болмағандықтан ұялған.

Кейін қыз көліктің есігін ашып, жүріп бара жатқан жерінен секіріп кеткен. Сол сәтте оны 69 жастағы ер адам басқарған Volkswagen көлігі қағып кеткен.

Зардап шеккен қыз ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек алды. Оны ауруханаға жатқызу қажет болмаған.

Қыз полицияға арыз жазудан бас тартып, көп ұзамай Петропавлдан кетіп қалған.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу