ІІМ әнші Ұланғасыр Қамиевтің шулы мәлімдемесінен кейін тексеріс бастады
1699
Ішкі істер министрлігі әнші Ұланғасыр Қамиевтің мәлімдемесін тексереді, деп хабарлайды politico.kz KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.
Бұған дейін "Балқия" әнінің орындаушысы әйелдерді неліктен күйеуі өлтіретіні туралы ойын айтқан болатын.
"Күйеуі әйелін өлтіріп қойды дегеннің бәрі хиджаб кимегеннен басталған шаруа. Ұстаздар баяғыдан айтып келе жатыр, ондай оқиғалар көп негізі. Әйелі санын жалтыратып көшеге шығады, одан соң біреу оған қызығады, оны күйеуі естіп, өлтіріп қояды. "Хиджаб арабтікі, неге адасасыздар, оның бәрін шешеді бір күні" дейді. Шешпейді. Шын түсінген әйел басын кесіп алса да шешпейді. Көп айтпай-ақ қояйын. Ешкімде менің шаруам жоқ. Мен ертең әйеліме кигіземін. Басқалары кигізе ме, шешіндіре ме, шаруам жоқ. Өзімдікіне кигіземін, бұған көнетін әйел аламын, көнбесе алмаймын. Бастысы оның не үшін керек екенін түсініп тұрмын және оны түсінетін әйел іздеймін", - дейді видеода Ұланғасыр Қами.
Әншінің сөзі желіде халықтың сынына ұшырады. Ал Saida Kastaneda есімді Facebook қолданушысы әншінің сөздерін тексеруді сұрап Ішкі істер министрлігіне жүгінгенін жазды.
"Бүгін е-өтініш арқылы Ішкі істер министрлігіне Қылмыстық кодекстің 174-бабына сәйкес, әлеуметтік және гендерлік араздықты қоздырғаны, әйелдерге өшпенділік тудырғаны және әйелдерді/қыздарды күйеуінің, бұрынғы күйеуінің, жігіті мен туыс ер адамдарының қолынан зорлықпен өлтірілгенін және дене жарақатын алғанын ақтағаны үшін мәлімдемесін тексеруді сұрап арыз жаздым", - деді Саида.
"Өтініш тіркелді. Тексеріс жүріп жатыр, оның қорытындысы бойынша процесуалдық шешім қабылданады", - деп хабарлады ІІМ өкілдері.
Фото: instagram.com/ulangasyrqamiev
Соңғы жаңалықтар
22.07.2026
10:42
«Украина емес»: Елші қазақ мұнайы тиелген танке...
22.07.2026
09:47
«Жауапты біреу айтып тұрды». Аша Матайға қатыст...
22.07.2026
09:31
Тоқаев бірқатар елшіні ауыстырды
22.07.2026
09:30
Сүт фермасындағы трагедия: әкесі екі баласымен ...
22.07.2026
00:32
Әнші Анатолий Цой шаңырақ көтерді
22.07.2026
00:20
«Еркектердің тестостероны түскен заман болды». ...