ІІМ Kyzdar.net сайты мен оны ашқандарға ештеңе істей алмады
3320
Ішкі істер министрлігі Kyzdar.net сайтының топ-менеджерлеріне қатысты қылмыстық іс тоқтатылғанын хабарлады.
Ішкі істер министрлігінің тосқауыл әрекетіне қарамастан, сайт әлі де пайдаланушыларға қолжетімді. Министрлік өкілдерінің мәліметінше, «Масс-медиа туралы» заңға сәйкес, интернет-ресурстар БАҚ-қа жататынын, ал БАҚ саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган Мәдениет және ақпарат министрлігі екенін атап өтті.
Ведомстводағылар интернет кеңістігінде тыйым салынған және заңсыз мазмұндағы контенті бар түрлі ақпарат құралдарына тосқауыл қою тікелей Мәдениет және ақпарат министрлігінің құзыретіне кіретінін айтты.
Ішкі істер министрлігі тұрақты түрде Мәдениет және ақпарат министрлігіне Kyzdar.net сайтына сілтемелерді бұғаттау туралы тиісті хаттар жібереді. Алайда домендік атауды жедел өзгерту және жаңарту, яғни сілтеменің қайта қолжетімді болуына мүмкіндік береді. Бұл интернет-ресурс америкалық интернет-провайдерлерге тиесілі хостингте орналасқан, - деп түсіндірді министрлік өкілдері.Егер Kyzdar.net сілтемесі бұғатталған жағдайда Kyzdar2.net, Kyzdar4.net және т.б. сілтемелер қолжетімді болғаны айтылды. Былтыр қазан айында Ішкі істер министрлігі Kyzdar.net сайты топ-менеджерлерінің ұсталғаны туралы хабарлағанмен, кейін оларға қатысты іс тоқтатылғаны белгілі болды.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 309-бабы («Жезөкшелік және сутенерлік үшін ұялар ұйымдастыру немесе ұстау») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді. Алайда сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында тергеу органдары осы бапта «телекоммуникациялық желілерді, интернетті пайдалану арқылы жезөкшелікті насихаттау және жарнамалау» арқылы жасалған сутенерлік сияқты ұғымдардың болмауы тұрғысынан сол кездегі заңнамада олқылықтарға байланысты қылмыстық іс қысқартылды, - делінген хабарламада.Министрлік өкілдері бұл мәселемен тек Қазақстанда ғана емес, басқа елдерде де мемлекеттік органдар бетпе-бет келгенін айтты. Фото: depositphotos.com
Соңғы жаңалықтар
17.09.2026
23:20
Үндістанда бес айдан бері тұрған кемеде Қазақст...
17.09.2026
22:20
Астанада тұрғын үй ауласында атыс болды: Полици...
17.09.2026
21:22
«Екі рет көмек сұрап шыққан»: Астанада ерлі-зай...
17.09.2026
20:44
«Балаларының көзінше ұрған»: Түркістан облысынд...
17.09.2026
20:07
“Ақша не үшін бердік?”: Степногорскіде ауланы ж...
17.09.2026
19:08
Павлодардағы аялдамада құшақтасып жатқан екі ер...