“Интернет өшіп қалды”: Алматы облысында түлектер ҰБТ-ны қайта тапсыратын болды
1152
Техникалық ақау Есіктегі түлектерді әбігерге салды
Алматы облысы Есік қаласында ҰБТ кезінде интернет байланысы үзіліп, бірнеше оқушының жауаптары сақталмай қалған, деп хабарлайды Politico.kz.
Оқиға тестілеу аяқталуға шамамен 20 минут қалғанда болған. Түлектердің ата-аналарының айтуынша, емтихан қалыпты өтіп жатқан, алайда кенеттен байланыс жоғалып кеткеннен кейін кей қатысушылар тестті толық аяқтай алмаған. Бұл жағдай ата-аналардың наразылығын тудырып, балалардың қайтадан стресс пен уайымға тап болғанын айтты.
Оқиғаға байланысты Ұлттық тестілеу орталығы пікір білдірді. Орталық мәліметінше, техникалық ақауға интернет-провайдер желісінің зақымдануы себеп болған. Соның салдарынан тестілеу орталығында бір сағаттан астам уақыт байланыс болмаған.
Тестілеуді аяқтай алмаған талапкерлер үшін қайта ҰБТ тапсыру күні 31 мамырға белгіленді.
Соңғы жаңалықтар
29.08.2026
17:14
Ақмолада ер адам қозғалыста болған вагонның аст...
29.08.2026
17:00
Қазақмыс 2,5 мыңнан астам балаға мектепке жинал...
29.08.2026
16:31
Қазақстанда Президентке тікелей бағынатын жаңа ...
29.08.2026
15:34
«Көмектесемін» деп жақындаған: Талғарда 8 жаст...
29.08.2026
14:27
«Басымызды жарып жібере жаздады»: Астанада тере...
29.08.2026
13:07
БАӘ-де қаза тапқан қазақстандық апалы-сіңлілі қ...