«Интернетке саламын»: Алматыда ер адам бұрынғы сүйіктісін интимді суреттерімен бопсалаған

07.10.2026 • 18:19 Қарақат АСЫЛОВА
«Интернетке саламын»: Алматыда ер адам бұрынғы сүйіктісін интимді суреттерімен бопсалаған
348
Ашық дереккөз

Алматыда ер адам бұрынғы сүйіктісін интимді суреттерін интернетке жариялаймын деп қорқытқан, деп хабарлайды Politico.kz.

Оқиғаға полиция қызметкерлері араласты. Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, қала тұрғыны түнгі уақытта «102» арнасына хабарласып, бұрынғы жігіті жеке суреттерін интернетке тарататынын айтып қорқытып жүргенін жеткізген.

Оқиға орнына Алмалы аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері барған. Тексеру кезінде жастар арасында жанжал болғаны анықталған.

«Мән-жайды анықтау үшін екі тарап та Алмалы аудандық Полиция басқармасына жеткізілді», – деп хабарлады полиция.

Қазіргі уақытта оқиғаның өзге де мән-жайлары анықталып жатыр. Тексеру қорытындысы бойынша полиция тиісті шара қабылдайды.

Войдите, чтобы оставить комментарий