Тоқаев ішкі істер министрінің орынбасарын орнынан алып тастады

Тоқаев ішкі істер министрінің орынбасарын орнынан алып тастады
Фото: gov.kz

Мемлекет басшысының өкімімен Игорь Лепеха ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Politico.kz.

Игорь Лепеха туралы

Ол 1962 жылы Қарағанды облысы туған. 1984 жылы Қарағанды политехникалық институтын, 1993 жылы – Ресей Федерациясы ІІМ Академиясын бітірген.

I дәрежелі (2022) және II дәрежелі (2017) «Даңқ» орденімен, «Ерлігі үшін» (2012), «Жауынгерлік ерлігі үшін» (2006) медальдарымен марапатталған, полиция генерал-лейтенанты.

Еңбек жолы:

1986-1997 жылдары Қарағанды қаласының ішкі істер басқармасында қызмет атқарды.

1997 жылдан 2009 жылға дейін Қарағанды облысының ІІД-де басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

2009-2019 жылдары – ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары, төрағасы.

2019-2020 жылдары –ІІМ Штаб-департаментінің бастығы.

2020-2022 жылдары – ҚР ІІМ Аппаратының басшысы.

2022 жылдың қазан айынан – ішкі істер министрінің орынбасары.

Еске сала кетейік, 16 қарашада Тоқаев ішкі істер министрі Ержан Сәденовке құқық қорғау органдарының жұмысындағы олқылықтар үшін сөгіс жариялады. 

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу