Интим видеосы тарап кеткен Хан тамада мобилографтан 8 млн талап етіп отыр

23.04.2026 15:19 Арман Ермеков
Интим видеосы тарап кеткен Хан тамада мобилографтан 8 млн талап етіп отыр
994
Хан тамада жасөспірімнен 8 млн теңге талап еткен. Коллаж Politico.kz

Ақтауда желіге интимді видеосы тарап кеткен Хан тамаданың ісіне қатысты жаңа деректер шықты, күдікті ретінде ұсталған жасөспірімнің анасы ұлына жала жабылғанын айтып отыр, деп хабарлайды Newtimes.kz.

Ақтауда «Хан тамада» лақап атымен танымал асабаның интимді видеосының таралуына қатысты дау жалғасып жатыр. Іс бойынша күдікті ретінде танылған 16 жастағы мобилографтың анасы баласының бұл іске қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

Әйелдің сөзінше оның ұлы асабаның түсірілімінде бірнеше күн жұмыс істеген, бірақ еңбекақысын алмаған. Оған қоса жасөспірімге уәде етілген такси шақырылмай, ол үйіне өзі жетуге мәжбүр болған.

Жасөспірімнің анасы видеоның ұрланбағанын алға тартты. Оның айтуынша телефон иесі бұл жазбаны байқаусызда өзі жіберіп алған. Сонымен қатар отбасы істі тоқтату үшін олардан 8 млн теңге талап етіліп, көпшілік алдында кешірім сұрауды мәжбүрлеп жатқанын жеткізді.

"Біз кешірім сұрамаймыз. Не үшін? Олар мұндай дүниені кімге жіберіп жатқанына неге қарамайды? Енді барлығын менің кәмелетке толмаған балама ілгісі келеді", – деді ол.

Бұл жағдай отбасына ауыр тигенін жеткізген әйел күйзеліс салдарынан соңғы айларында іштегі шаранасынан айырылғанын айтты. Қазіргі уақытта іс сотқа өткен, ал 11 сыныпта оқитын бала ҰБТ тапсыруға дайындалып жатыр. Отбасы оның болашағына алаңдаулы.

Одан бөлек әйел полиция бөлімшесінде ұлының кінәсі дәлелденбегендіктен өздерін видеоға түсірмеуді сұрағанын, алайда келесі күні сол ролик әлеуметтік желіде тарап кеткенін мәлімдеді.

Бұған дейін Ақтау полициясы видеоны таратты деген күдікпен кәмелетке толмаған баланың ұсталғанын хабарлаған болатын. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Асаба мен оның әйелі видео тек жеке қолданысқа арналғанын және телефонның жасырын папкасында сақталғанын, сол жерден ұрланғанын айтқан еді.

Белгілі заңгер бұл әрекет Қазақстан заңнамасына сәйкес жеке өмірге қол сұқпау құқығын бұзу болып саналатынын ескертті. Мұндай құқық бұзушылық үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Атап айтқанда 3000 мен 5000 АЕК аралығында айыппұл салынуы немесе жеке деректерді заңсыз таратқаны үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесілуі мүмкін.

Айта кетейік, осы оқиғамен қатар әлеуметтік желіде асабаның қыздарға жазған хаттарының суреті де тарап кеткен еді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий