Иран Сауд Арабиясындағы мұнай-химия кешеніне соққы жасады

07.04.2026 09:35 Мөлдір Талғат
Иран Сауд Арабиясындағы мұнай-химия кешеніне соққы жасады
49
Фото: AFP / East News

Иран Сауд Арабиясының Әл-Джубайль қаласындағы ірі мұнай-химия кешеніне соққы жасады. Бұл туралы 7 сәуір, сейсенбі күні Tasnim агенттігі хабарлады, деп жазады Politico.kz.

Агенттік мәліметінше, энергетикалық нысандар аумағында күшті өрт шыққан. Аталған кешен жылына шамамен 60 миллион тонна мұнай өңдейді, бұл әлемдік мұнай-химия өндірісінің жалпы көлемінің 6–8 пайызына тең.

Сондай-ақ, агенттік зымыран соққысынан кейінгі ауқымды өрттің видеосын жариялады.

БАӘ мен өзге елдердегі шабуылдар

Бұған дейін Иран тарапынан шабуылдар Біріккен Араб Әмірліктері аумағындағы нысандарға да жасалған.

Атап айтқанда, Абу-Даби қаласында өнеркәсіптік нысанға жасалған шабуылдан кейін бір адам жарақат алған. Ол әуе қорғанысы жүйесі атып түсірген снаряд сынықтарынан зардап шеккен. Бұл туралы қала үкіметінің баспасөз қызметі X әлеуметтік желісінде 6 сәуір күні хабарлады.

Ал Әл-Фуджейра портты қаласында мемлекеттік WAM агенттігі мәліметінше, телекоммуникациялық компания ғимараты ирандық дрон шабуылына ұшыраған. Зардап шеккендер жоқ.

БАӘ Қорғаныс министрлігі дерегіне сәйкес, 6 сәуір күні 12 баллистикалық зымыран, екі қанатты зымыран және 19 ұшқышсыз ұшу аппаратының жолы кесілген. Жалпы шабуылдар салдарынан төрт адам жарақат алған.

Израиль мен Кувейт бағытындағы соққылар

Press TV мәліметінше, Иран Қарулы күштері орталық штабы – «Хатам әл-Анбия» өкілі Эбрахим Зольфагари Израиль мен Кувейт аумағындағы нысандарға соққы жасалғанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, Тель-Авив солтүстігі мен оңтүстігіндегі маңызды нысандар, Хайфа қаласындағы стратегиялық орталықтар, Беэр-Шева химиялық зауыттары және Петах-Тиква маңындағы әскери топтар жоғары дәлдіктегі баллистикалық зымырандармен атқыланған.

Ал Кувейт аумағында екі негізгі нысанға соққы жасалған. Атап айтқанда, «Али ас-Салем» әуе базасындағы бірнеше әуе техникасы жойылған. Сондай-ақ, АҚШ-тың «Аль-Адири» базасы зымыран және дрон шабуылына ұшырап, тікұшақ ангарлары мен әскери нысандар қираған.

АҚШ пен Израильдің жауап соққысы

Өз кезегінде АҚШ пен Израиль Иранның мұнай-химия нысандарына қайта соққы жасады.

Fars агенттігі хабарлауынша, Ассалуйе өнеркәсіптік ауданындағы мұнай өңдеу зауыты маңында бірнеше жарылыс болған. Бұл аймақ Иранның газ өнеркәсібінің негізгі орталығы саналады.

Израиль Қорғаныс министрі Исраэль Кац аталған нысан Иранның мұнай-химия өнімдерінің шамамен жартысын өндіретін стратегиялық маңызды кешен екенін атап өтті.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий