Иранда 900-ден астам адам өлім жазасына кесілді
890
Иранда 2024 жылы өлім жазасына кесілген әйелдер саны өсті
Иранда 2024 жылы 900-ден астам адам өлім жазасына кесілді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасының мәліметінше, өткен жылы Иранда 901 адам өлім жазасына кесілген, оның ішінде 40 өлім жазасы 2024 жылдың желтоқсан айының бір аптасында орындалған.
2023 жылы бұл көрсеткіш 853 адамды құраған болатын.
"Жыл сайын өлім жазасына кесілген адамдар санының артуы бізді қатты алаңдатады. Иранға өлім жазасының толқынын тоқтататын уақыт жетті," – деп мәлімдеді БҰҰ Жоғарғы комиссары Фолькер Тюрк.
Деректер мен мәселелер:
- Өлім жазаларының көпшілігі есірткіге қатысты қылмыстар үшін орындалған.
- Диссиденттер мен 2022 жылғы наразылықтарға қатысы бар деп танылған адамдар да өлім жазасына кесілген.
- Әйелдерге қатысты өлім жазасы саны артқан.
Фолькер Тюрк иран билігін өлім жазасын тоқтатуға және оны толық жою мақсатында мораторий енгізуге шақырды.
Соңғы жаңалықтар
31.07.2026
00:35
Марқұм фельдшер Ұлдананың анасы күйеу баласының...
30.07.2026
23:13
КҚК-ға жасалған шабуылдан кейін Энергетика мини...
30.07.2026
22:00
Маңғыстауда көпбалалы отбасы жантүршігерлік жол...
30.07.2026
21:34
«Туды атқа жабу ретінде пайдаланды». Адвокат бл...
30.07.2026
21:15
Продюсер: Бұрын қыздар тобы бай "ағашкалар" үші...
30.07.2026
20:59
Өскемен әкімінің үстінен сотқа арыз түсті