«Ішкі ағзаның бәрі желініп кеткен»: Бағдат Әшімова актердің бірінші әйелі қалай қайтыс болғанын айтты

24.12.2025 11:10 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
«Ішкі ағзаның бәрі желініп кеткен»: Бағдат Әшімова актердің бірінші әйелі қалай қайтыс болғанын айтты
0
2056
Фото: ашық дереккөз

Асанәлі Әшімовтың екінші жары Бағдат Әшімова актердің бірінші жары Германияға емдетуге апара жатқанда көз жұмғанын айтты, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы Бағдат Әшімова Stan.kz тілшісіне берген сұхбатында айтқан.

Майра апа 1993 жылы кетті ғой, ауырған екен. Бір-екі жылдай ауырған. Өте сирек кездесетін ауру болған екен, склеродермия деп аталады. Бүкіл ішкі ағза біртіндеп желіне бастайды. Сондай талпындым дейді, алып қалуға. Германияға дейін алып барған. Мәскеудегі Кремлевский ауруханаға алып барған, дейді ол.

Дәрігерлер мыңнан бір адамда кездесетін, өте сирек кездесетін ауру болып шыққанын айтқан екен,

Содан кейін Германиядан аппаратпен алып келе жатқанда, содан оянбаған. Асекең тура сол кезде аппендицит болып, ауруханаға түскен. Сонда Майра тәтенің берілгендігі — ол бір кездейсоқтық та емес, Алла Тағаланың өзі солай келтіріп тұр ғой. Майра тәтенің табытын алып, аурухананың қорасына алып барған екен, Асекеңмен қоштасу үшін. Асекеңді ауруханадан шығармай қойған, операциядан кейін. Сонда кетіп бара жатып та, менімен келіп қоштасып кетті деп айтады, - деді ол.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий