Исламтанушы: сақал – пайғамбардың сүннет амалы, сәләф –мұсылмандардың қасиетті ұғымы

03.11.2025 15:11 Әсел Мұрат Әсел Мұрат
Исламтанушы: сақал – пайғамбардың сүннет амалы, сәләф –мұсылмандардың қасиетті ұғымы
0
676

Исламтанушы Асқар Сабдин деструктивті ағымдағы адамдар туралы пікір білдірді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

«Qasqa Jol» бағдарламасына берген сұхбатында исламтанушы-теолог жат ағымдағы адамдардың әрекетін сынады.

«Кез келген діни деструктивті ағым адамның ішіндегі тәкаппарлық сезімін оятады. «Сен мыналардан жоғарысың. Мынау кәпір, мынау адасқан, мынау философ. Ал мен тура жолдамын. Тек мен ғана тура жолдамын болды» деген ойда болады. Олардың пікірінше, қалған мұсылмандардың исламы адасушылық, күпірлік дегендей. Осындай адамдарға жасанды билік беріп қояды. Олар үшін ар-намысы, мал-мүлкінің қадір-қасиеті қалмайды, түсіп кетеді. Себебі оған идеология осы тәкаппарлықты насихаттап қойды. Ал ол идеологияның негізінде шайтанның «Мен одан қайырлымын. Мен одан жоғарымын» деген сөзі бар. Сондай адамның ішіндегі тәкаппарлық сезімдері үрлеу арқылы үлкен шарға айналып кетеді? Сол жерден әлгі шар ұшып кетеді. Төмендегілер –құрт-құмырсқалар, қаласам, аяғыммен басып өлтіремін. Оларға осындай бір жасанды іштегі билікті беріп қояды. Мәселе сақалда емес, сақал ол кәдімгі пайғамбардың сүннет-амалы, сәләф – ол мұсылмандар үшін қасиетті ұғым», - деді теолог.

Оның айтуынша, қазір бұл ұғым мүлдем басқа мақсатта қолданылып жүр.

«Бірақ ол ұғымды қазір кейбір кісілер өздерінің зорлық-зомбылық әрекеттерін, теріс әрекеттерін ақтау үшін қолданып жатыр. Былай айтқанда деструктивті псевдо діни ағым деуге болады. Бұл деструктивті псевдоағымдар адамның әлсіз жері болған тәкаппарлықты қолданып, адамды «үрлеп» жібереді. Адам сол оймен тура жолдамын деп жүреді. Сол менмендікті, тәкаппарлықты қоздыру арқылы адамға бір эгоисттік сипат береді. Сонымен деструктивтік ағымдағы адам мен бірінші категориядамын, қалғандарының барлығы – екінші санаттағы адам. Бұларды мен қорғауым керек деп ойлайды олар», - деді исламтанушы.
 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий