«Кәмшатты сахнадан алыстатты»: Жолдыбаеваның күйеуі сынға қалды

«Кәмшатты сахнадан алыстатты»: Жолдыбаеваның күйеуі сынға қалды
Фото: sn.kz

Танымал актер Ғазрет Қажымұқанұлы желідегі парақшасында «Homay» әніне түсірген видеосын жариялады, деп хабарлайды POLITICO.K Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Алайда желі қолданушылары актердің өзін емес, жары Кәмшат Жолдыбаеваның қайда екенін жаппай сұрап кетті.

«Кәмшатты сандыққа тығып қойдың ба», «Кәмшатты сахнадан алыстатып, өзі шошаңдап жүр», «Неге сұлу Кәмшатты көрсетпейсің», «Карамель болып тұрсың», — деп жазды олар. 

Айта кетейік, актер елімізге белгілі әнші Кәмшат Жолдыбаевамен шаңырақ құрған еді. Бүгінде екеуі бір қыз тәрбиелеп отыр.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу