Кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов «Парасат» орденіне ие болды
Танымал кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов мемлекеттік «Парасат» орденін алып, бұл жаңалықты желіде бірінші болып әйелі Баян Алагөзова сүйіншіледі, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұл қуанышты жаңалықты ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарымен бөлісіп, арнайы бейнежазба жариялады. Видеода оның әйелі Баян Алагөзова күйеуін телефон камерасына түсіріп, жаңа марапатымен құттықтаған.
«Алагөзов мырза енді жай ғана Тұрсынғазы Тұрымович емес, бүгінде Парасат орденінің иегері, құттықтаймын, мен сені өте мақтан тұтамын», – деді Алагөзова.
Марапат иесі бейнежазбаның астына туған жерге қызмет етудің маңызы туралы ойын білдірді.
«Елге адал қызмет ету – әр азаматтың жүрегіндегі ең үлкен жауапкершілік. Туған жеріңе пайдаңды тигізу – нағыз абырой. Бүгінгі ісің ертеңгі ұрпаққа үлгі болсын», – деп жазды Тұрсынғали Алагөзов.
Осыған дейін Республика күні мерекесінде продюсер әрі актриса Баян Алагөзова Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атанған болатын.
Соңғы жаңалықтар