Каспийде көз жұмған сарбаздың ата-анасы оның әскерден келуіне орай той өткізбек болған

25.09.2026 • 14:11 Мөлдір ҚАЙНАР
Каспийде көз жұмған сарбаздың ата-анасы оның әскерден келуіне орай той өткізбек болған
418
Фото: коллаж politico.kz

Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан сарбаз Азамат Мәдиханның отбасы оның елге оралу тойын атап өтуге қамданып жүрген, деп хабарлайды Politico.kz.

Әлеуметтік желіде марқұмның ата-анасының 3 қазанға жоспарлаған мерекелік шарасына арналған шақырту жарияланды. Азаматты ата-анасымен бірге ата-әжесі мен барлық етжақын туыстары асыға күткен. Оның әскерден үйіне оралуына небәрі жеті-сегіз күн ғана қалған еді.

Айта кетейік, Каспийде жоғалған екі әскери қызметшінің де мәйіті судан табылып, Қорғаныс министрлігі жалпы қаза тапқан сарбаздар саны 14 адамға жеткенін ресми түрде растады.

Бұл қаралы оқиға 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы барысында орын алған. Қазір аталған факті бойынша қылмыстық тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Войдите, чтобы оставить комментарий