KAZ Minerals шахтасында бір ай ішінде екінші жұмысшы қаза тапты

31.05.2026 11:21 Қарақат АСЫЛОВА
KAZ Minerals шахтасында бір ай ішінде екінші жұмысшы қаза тапты
194
ШҚО-дағы KAZ Minerals шахтасында тағы бір жұмысшы қаза тапты

Шығыс Қазақстан облысындағы KAZ Minerals компаниясына қарасты Артемьев шахтасында тағы бір қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды Politico.kz.

30 мамыр күні кешкі сағат 20:30 шамасында тау жынысының опырылуы салдарынан кәсіпорын қызметкері қаза тапты. Компанияның мәліметінше, оқиға «Востокцветмет» ЖШС-нің Артемьев шахтасында болған. Қайғылы жағдайдан кейін апат орын алған учаскедегі барлық жұмыс дереу тоқтатылды.

Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін құзырлы органдар мен арнайы мамандардың қатысуымен тергеу жүргізіліп жатыр.

KAZ Minerals компаниясы марқұмның отбасына қажетті көмек пен қолдау көрсетілетінін мәлімдеді. Сондай-ақ компания басшылығы мұндай оқиғалардың қайталануына жол бермеу үшін қосымша қауіпсіздік шараларын қарастыру қажеттігін атап өтті.

Айта кетейік, осыған дейін, 9 мамыр күні дәл осы Артемьев шахтасында шаң-тозаң және желдету қызметінің механигі қаза тапқан болатын. Осылайша, бір айға жетер-жетпес уақыт ішінде аталған шахтада екінші өлім оқиғасы тіркеліп отыр.

Войдите, чтобы оставить комментарий