Kazakhmys Smelting жаңа Конституция жобасын қолдады

03.03.2026 13:33 Әсел Мұрат
Kazakhmys Smelting жаңа Конституция жобасын қолдады
42
фото-коллаж: politico.kz

Kazakhmys Smelting ұжымы 2026 жылдың 15 наурызында жалпыхалықтық референдумға шығарылатын Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасын қолдайтынын білдірді, деп хабарлайды Politico.kz.

Кәсіпорынның пікірінше, өндірісте әр бөлімше мен әр қызметкердің еңбегі қаншалықты маңызды болса, мемлекет деңгейінде де әр азаматтың ұстанымы елдің ортақ болашағын айқындайды. Тұрақты әрі қуатты Қазақстан заң үстемдігіне, әділдікке, адам құқығын құрметтеуге және қоғамдық келісімге негізделіп құрылады.

Кәсіпорын металлургтерінің айтуынша, жаңа Конституция жобасы еңбек адамына деген көзқарасты нақты деңгейде айқындайды.

«Біз үшін ең бастысы – қауіпсіз еңбек. Жұмысшының өмірі мен денсаулығы бәрінен жоғары тұруы тиіс. Әділ жалақы, кемсітушіліктің болмауы, тұрақты әлеуметтік қорғау және демалыс құқығы - бұл жай талап емес, бұл - нақты кепілдік болуы керек», – деп атап өтті өндіріс өкілдері.

Жаңа Конституция жобасы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды, әлеуметтік жауапкершілікті күшейтуді және еңбек адамының мәртебесін арттыруды көздейді.

Кәсіпорын металлургтері жалпыхалықтық референдум өтетін 15 наурызды баршамыз үшін маңызды күн деп есептейтінін жеткізді.
Балқаш мыс балқыту зауытының ұжымы оны елдің болашағына бағытталған жауапты таңдау деп санайды.
 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий