"Кінәлі адамды іздеп, мені таңдады": Хасан Қасымбаев сотта не деді?

31.10.2025 10:03 Мөлдір Талғат
0
260
SMARTNEWS.KZ коллажы

Талғарда Хасан Қасымбаев пен оның серіктестеріне қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы соңғы кезеңіне жақындады.

Сотта басты айыпталушы Хасан Қасымбаев соңғы сөзін сөйлеп, өзіне тағылған айыптармен келіспейтінін мәлімдеді. Оның айтуынша, тергеу барысында шынайы кінәлі адам табылмағандықтан, жауапкершілік негізсіз түрде өзіне артылған.

“Менің ешқандай бандаға қатысым жоқ. Бірақ іс ушығып кеткен соң, кінәлі адам керек болды да, мені таңдады. Жәбірленуші мені ‘хуторлық банданың басшысы’ деп атады, алайда мұндай банданың Талғар мен Алматы облысында болғанын полицияның өзі де растамады”, – деді ол сотта.

Айыпталушы өз сөзінде тергеу ісінде бірқатар қайшылықтар мен дәлелдердің жеткіліксіздігін атап өтіп, істің әділ қаралуын сұрады. Сонымен қатар, оның қорғаушылары да қылмыстық істің көптеген тұстары толық дәлелденбегенін, ал айыптау тарап ұсынған кейбір айғақтардың нақты фактілерге негізделмегенін айтты.

Еске салайық, бұған дейін мемлекеттік айыптаушы Ерлан Құланбаев соттан Хасан Қасымбаевты ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысқаны үшін 15 жылға бас бостандығынан айыруды, ал оның серіктеріне 9 жылға дейін жаза тағайындауды сұраған болатын.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий