Кипрде пышақталған 22 жастағы бойжеткен Қырғызстан азаматы болып шықты
96
Тамыз айының басында Солтүстік Кипрдегі супермаркеттердің бірінде ауыр пышақ жарақатын алған 22 жастағы Жанерке А. есімді бойжеткен Қазақстанның емес, Қырғызстанның азаматы екені анықталды, деп хабарлайды Politico.kz.
Қанды оқиға 3 тамыз күні Никосия қаласындағы дүкенде болған. Болжам бойынша 31 жастағы Түркия азаматы бойжеткенге пышақпен шабуыл жасап, артынша өзіне де өлімге әкелетін жарақат салмақ болған. Қазіргі таңда екеуі де жансақтау бөлімінде өте ауыр жағдайда жатыр, ал қылмыстың нақты себебі әлі ресми түрде бекітілген жоқ. Осыған дейін отандық дипломаттар бұл оқиғаның мән-жайын және жәбірленушінің азаматтығын анықтап жатқанын мәлімдеген еді.
«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Солтүстік Кипрде болған оқиғада зардап шеккен тұлғаға қатысты келесіні хабарлайды. Мәліметтерді нақтылау барысында зардап шеккен азаматтың Қазақстанда туылғаны, алайда оның Қырғыз Республикасының азаматы екені анықталды», – деп мәлімдеді ведомство.
Соңғы жаңалықтар
04.08.2026
18:11
Тоқаев Армения үкіметінің басшысын қайта тағайы...
04.08.2026
17:40
"Әртістер неге шеттетілуі керек?": Баян Алагөзо...
04.08.2026
17:34
Кипрде пышақталған 22 жастағы бойжеткен Қырғызс...
04.08.2026
16:53
Бруклин көпірінен секірген адам қазақстандық бл...
04.08.2026
16:48
Ақталып шыққан ақтөбелік жылқышы баспаналы болд...
04.08.2026
16:22
"Есепшотына жинаған": Нумеролог Ырысбала Икрамб...