«Көке» фильмінің ұжымы қызық жайттарын баяндады
Айгүл Иманбаеваның ұлы Асылжан Әбумүтәліп өзі түсірген «Көке» фильмінің басты рөліне анасын алмаған. Әнші, актриса бұл туралы Қызық Times бағдарламасына барғанда айтып берді.
Ұлыма өкпем қара қазандай, жалпы. Баланы туасың, өсіресің. Тұлға, режиссер болып қалыптасады. Сосын «мама, саған әлі де киноға пісу керек. Саған бұл кинода эпизодтық рөл берем. Ренжіме» дегенде қайтесің? - деді ол.Алайда Иманбаева фильмнің продюсері болып, туындыға қаржы табу жұмысымен айналысқанын айтты. Фильмде Тұңғышбай Жаманқұлов пен Дулыға Ақмолда секілді актерлар ойнайды. Сонымен қатар актерлік құрамда TikTok желісінде танымал Қайсар Хамза мен оның Намибияда кездестірген досы Тауасар бар. Намибиялық азамат Қазақстанға сол фильмге түсу үшін арнайы шақырылған. Бұл – оның елімізе алғаш келуі. Ол бәрі ұнағанын, жоба жаңа тәжірибе беріп жатқанын айтты. Тауасар блогер Қайсармен кездейсоқ танысқан. Олар бағдарлама студиясына квадрациклмен кіріп келді. Намибияға алғаш барған күні қарнымыз ашып, тауық жеуге барғанбыз. Сол жақта адамдарды әрі-бері таситын таксистер бар екен. Сол жақта танысып, Тауасар және Файзолла деген жігіт бізге әр жақта не барын түсіндіріп жүрді, - деді Қайсар Хамза. Фильм режиссері Асылжан Әбумүтәліпке TikTok жұлдыздарын киноға түсіруді әйелі ұсыныпты.
Киноның ішінде Тұңғышбай аға «көкені» ойнайды. Ал Дулыға Ақмолда аға – сол көкенің арқасында жүрген әкім. Ал Қайсар мен Тауасар сюжет бойынша, жемқорлыққа қарсы қызметте жұмыс істейді, - деп түсіндірді режиссер.Бағдарлама барысында жүргізушілер Айгүл Иманбаеваны жақында тұрмыс құрғанымен құттықтады. Әнші тойдың қашан және қайда болатынын айтты.
Тойға ұжымды түгел шақырамын. Ол ақпан айында Майамиде болады. Жолдасымның аты – Ерлан, - деді әнші.Бағдарлама қонақтары ойын ойнап, көрермендері «Көке» фильмін көруге шақырды. Режиссердің айтуынша, кинода жемқорлық мәселесі көтеріледі. Туынды 5 қыркүйектен бері Қазақстанның барлық кинотеатрында көрсетіліп жатыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
09.11.2026
22:54
Алматыда көлік жүргізіп бейнежазба түсірген әйе...
09.11.2026
20:13
Петропавл полициясы асқабақ ұрлағандарды іздест...
09.11.2026
18:55
«Тірі қалғандарың өкінішті»: Ашаршылықты келеме...
09.11.2026
18:44
Қазақстандағы ең жүктемесі көп 10 ақылы автожол...
09.11.2026
17:23
Қазақстандағы оқиға әлемдегі ең бай адамның наз...
09.11.2026
17:07
ҚазҰУ жатақханасындағы студент өлімі: оқиға тур...