Көкшетаулық жігіт жапон қызына сырға салды

Көкшетаулық жігіт жапон қызына сырға салды
17.07.2025 09:52
0
246
Фото: tiktok/kozbakova_aigera

Екі мәдениет тоғысты

Әлеуметтік желіде көкшетаулық жігіттің жапониялық сүйіктісіне құда түсу сәтінен түсірілген видео кеңінен тарап, көпшіліктің жылы ықыласына бөленді. Көкшетаулық Диас есімді жігіт пен жапониялық Рино есімді бойжеткеннің құдаласу рәсімі әлеуметтік желіде қызу талқылануда. Диастың туыстары Жапонияға арнайы барып, қазақтың салт-дәстүрі бойынша шашу шашып, болашақ келіндеріне сырға салған.

Туысының айтуынша, екі жақ бір-бірінің тілін білмесе де, ым-ишара мен шынайы көңіл арқылы бір-бірін толықтай түсінген.

"Анам мен нағашы апам шашу шашып, жапондықтарға салт-дәстүрімізді таныстырды. Өте мейірімді жандар. Тілін түсінбесек те, ішкі жан-дүниемізбен бәрін түсініп отырдық. Жапондықтар мұндай салтымызға тәнті болып, алғыстарын айта берді", — дейді Диасқа жақын туысы.

Рәсімнің ең әсерлі сәттерінің бірі қалыңдықтың әкесінің сөзі болды. Ол алғашқы танысу кезінде көзіне жас алып, қызымды әкетпеңдер депті.

Сонымен қатар, рәсімге куә болған жапондықтар қазақтың салт-дәстүріне ерекше таңданысын білдірді. Қонақтардың бірі бұл көріністің өзіне қатты әсер еткенін айтып, өз пікірімен бөлісті:

«Біздің елде де салт-дәстүрлер аз емес, алайда дәл осындай терең мағыналы, көрікті рәсімді бірінші рет көріп тұрмын. Қыз баланың келісімін сырға тағу арқылы алу – өте әдемі әрі нәзік көрініс екен».

 

@kozbakova_aigera #ұзату #япония #сырғасалу #той #құдалық #құдалар #қазақстан #көкшетау #свадьба #казахстан #japan ♬ оригинальный звук - Айгерим
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий